|
Article in other languages:
|
Прага (чехше: Praha (IPA: [ˈpraɦa]) - Еуропаның кіндігі, жүрегі деп саналатын Чехия елінің астанасы. Прага – көнеден сыр шертетін шаһар. Берлиннен, Венадан, Мадрид, Цюрихтан және Еуропаның көптеген қалаларынан ересек көрінеді. Ғасырдан ғасырға сырғып келе жатқан бағзы үйлердің кейпін жергілікті тұрғындар өзгертуге құмар емес, өйткені оның әрбір тасы тұнып тұрған, шежіре. Прагада не көп, аңыз көп. Көне Праганың көшелері өте тар. Ол тоғызыншы ғасырда пайда болған. Көне қаланың бәрі қорғаннан басталады, оның ірге тасын Чех князь Борживой қалаған. Бүкіл қала жұртын алақанына ұстайтын жер Прага Кремль, немесе Әулие Виттің соборы және Байырғы патша сарайы мен Әулие Георгийдің костелі. Бұлар ЮНЕСКОның қамқорлығына алынған. Көне Праганың ауыз толтырып айтатын жері көп. Бірақ соның ішінде ойыншықтар мұражайы ойып тұрып орын алады. Бұл мұражай әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Бурграф сарайында орналасқан. Осы мәдени ошақтың ішінде әр дәуірден сақталған ойыншықтар бар.
Vltava өзені
Прага дегенде Чехияның сырасы қатар жүреді «У Флеку» деп аталатын сыра зауытының 500 жылдық тарихы бар. Прагалықтардың мақтанышы Карл көпірі Еуропадағы жаяу жүргіншілер жүретін ең әдемі әрі ең мықты көпір. Ол 1357 жылы 9 шілде де 5 сағат 31 мин. салыныпты. Орта ғасырдың алхимиктері мен астрологтары құрылысты бастаудың дәлме дәл уақытын тапты деседі. Нанбасаңыз қайталайық 13579531. Тақ сандар – бір деңіз, екіншіден сандық көрсеткіш әуелі ұлғайып барып, шегіне жетеді де, кейін қайтады. Неге тақ сандар ды қалаған екен оны ешкім білмейді . Ал көпірдің қирамай түрғанына 600 жыл, астралогиялық болжам бойынша әлі де 400 жыл ақаусыз сол қалпында тұра береді екен.
Climate
Questions for article: 1922 Танцующий дом, Прага, Герб та прапор Чехословаччини, М53/59, ПРАГА, Прага, соборы, дефенестрация, прага, пражката пролет 1968, чешка филология |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
This article is from Wikipedia. All text is available under the terms of the GNU Free Documentation License.
IHS Europe: Infrared Heating Systems for Home and Business.